Интернетте еліміздің 16,3 миллион азаматына қатысты жеке мәліметтер жарияланып кеткені белгілі болды.
Тараған ақпараттар қатарына мыналар кіреді:
• аты-жөні, әкесінің аты
•ЖСН, туған күні
• жынысы, азаматтығы, ұлты
• тұрғылықты мекенжайы мен тіркеуі
• телефон нөмірлері
Ақпараттардың нақты қайдан және қалай тарағаны белгісіз. Болжам бойынша, деректер Telegram-дағы жабық топтар арқылы сатылған болуы мүмкін. Цифрлық даму министрлігі бұл жағдайды бақылап отыр. Ресми мәліметтер тергеу аяқталғаннан кейін жарияланбақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!