Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан «жасыл аймаққа» өтті

10.11.2021, 10:30 315

HALYQLINE.KZ Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қазақстан ұзақ уақыттан кейін «жасыл» аймаққа оралған, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

10 қарашадағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

«қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;

«сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары;

«жасыл» аймақта Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Айта кетсек, Қазақстан «қызыл» аймақта 27 маусымнан бастап жарты жылдай уақыт тұрды. Еске сала кетсек, өткен тәулікте 1128 адамнан коронавирус анықталған еді. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 951 667-ге жетіп отыр. Сонымен бірге, өткен тәулікте 2356 адам дертінен айығып шыққан. 10 қарашадағы мәлімет бойынша 38 380 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 7 055 пациент стационарда, 31 325 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Жалпы, 505 адамның жағдайы ауыр, 147 пациенттің жағдайы өте ауыр, 109 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: