Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан TikTok желісіне шектеу қоя ма?

23.04.2024, 8:50 264

HALYQLINE.KZ

Қырғызстаннан кейін Қазақстан да TikTok желісіне шектеу қоюы мүмкін. Бұл туралы министр А.Балаева айтты.

«Көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Шынымен де қазіргі таңда құқыққұзушылық фактілер өте көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Мұндай дүниелер ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндірсе, әлбетте бұғаттауға мәжбүрміз. Әлі алгоритимі жоқ. Нақты шешілген жоқ. Қарастырылатын мәселе», – дейді Аида Балаева.

Ал депутат Ерлан Сайыров әлеуметтік желілер пайдалы білім алып, үнемі қозғалыста болуы тиіс балалардың алтын уақытын ұрлағанымен қоймай, олардың денсаулығына, психикасына да теріс әсер етіп жатыр деп айтты.

Бұған дейін Қырғызстанда TikTok желісіне қолжетімділік шектелетіні айтылған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: