Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан бауырлас елге сиыр етін тонналап жеткізуге келісті

16.10.2025, 11:50 151

Бұл туралы Шанхайда өткен азық-түлік саласындағы «Бір белдеу – бір жол» конференциясында айтылды.

Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындар жыл сайын Түркияға 10 мың тоннадан аса сиыр етін жеткізуге дайын тұр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен түрік әріптесі Ибрахим Юмаклы осы мәселені талқылады. Министрлік мәліметінше, қазақстандық сиыр еті Түркияда үлкен сұранысқа ие, ал аусыл, құс тұмауы және нодулярлық дерматитке байланысты көпжылдық шектеулер алынып тасталғаннан соң түрік сүт компаниялары қазақстандық нарыққа сәтті енуде.

Кездесуде экспорттың жаңа бағыттарын, оның арасында қазақстандық сиыр еті мен басқа да өнім түрін ашу үшін қажетті ветеринариялық және фитосанитариялық рәсімдерді келісу бойынша жұмысты жеделдетудің маңыздылығы атап өтілді.

Айдарбек Сапаров агросектордағы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік екі ел үшін де басымдық болатынын нақтылады.

– 2025 жылдың алғашқы сегіз айында ауыл шаруашылығы тауар айналымы 2,9%-ға өсіп, 186,7 млн долларға жетті. Қазақстан Түркияға ең алдымен бұршақ дақылдарын, мақта талшығын, кебекті және зығыр дәндерін жеткізеді. Біз енді өнім ассортиментін кеңейтіп, көлемін ұлғайту үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, – деді ол.

Мұнан өзге Қазақстан жоғары сапалы қатты және жұмсақ бидайдың эксклюзивті жеткізушісі болуға дайын. Логистиканы жеңілдету үшін Баку терминалы негізінде «астық хабын» құру да жиын барысында ұсынылған.
Өз кезегінде Ибрахим Юмаклы ауыл шаруашылығы саласындағы сенімді серіктес ретінде Қазақстанның жоғары әлеуетіне тоқталып, ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: