Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан авиация конвенциясы түзетулерін ратификациялайды

20.03.2026, 10:00 22

Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде алғаш болып Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға енгізілген түзетулерді ратификациялайтын ел атанбақ. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәліметке сәйкес, Сенаттың кеңейтілген отырысында «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 (а)-бабына өзгеріс енгізуге қатысты хаттаманы және аталған конвенцияның 56-бабына өзгеріс енгізуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» заң мақұлданды. 

Бұл түзетулердің күшіне енуі үшін оларды ICAO-ға мүше мемлекеттердің кемінде үштен екісі, яғни ең аз дегенде 128 ел ратификациялауы қажет. Қазіргі таңда хаттамаларды 121-ден астам мемлекет ратификациялап үлгерген. 

Заңға Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін Қазақстан өңірде және тұтастай Орталық Азия кеңістігінде аталған өзгерістерді ратификациялаған алғашқы ел болады. 

Ресми мәліметте бұл шешім Қазақстанның халықаралық авиациялық міндеттемелерге, сондай-ақ Чикаго конвенциясының мақсаттары мен қағидаттарына бейілділігін айқындайтыны атап өтілген. 

Фото:  Pixabay.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: