Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ зиялылары мен шенеуніктерінде турашылдық жоқ

23.01.2026, 9:45 61

HALYQLINE.KZ

… Бүгінде өзі бас-көз жоқ төпелеп билікті сынай беретін зиялы қауым да, шенеуніктер де жоқ. Себебі бізде билікті сынай бастасаң, қырын қарайды, жау санайды. Осыдан кейін де қазақ зиялылары мен шенеуніктерінде турашылдық жоқ. Парламентте отырған депутаттардың да, «оппозициялық партияда жүрміз» дейтін саясаткерлердің де айтары бір. Барлығы бірсарынды дүниелерді айтып жүр. Негізінде, ішкі саяси келеңсіздіктерді, әлеуметтік мәселелерді ашып айтқан адамдарға билік рақмет айтуы керек. Үкіметтің құлағының түбіне барып мәселені айтып тұрған адамның дауысын үкімет естуі тиіс. Сыннан қорытынды шығарып, екінші қайтара мәселе тумайтындай жұмыс істегені абзал. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Әрине, осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз бен шенеуніктеріміз тым жалтақ» дейді. Қарапайым көпшіліктің басым бөлігі қазір күнделікті саясатты қалт жібермей, сарапқа салып отырады. Жұрттың көзі ашық, көкірегі ояу. Осыны ескерсек, сіз айтып отырған қоғамдық пікірмен келісуге болады. Расымен де жалтақтық басым.

Амалбек  ТШАНОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері.

(«Жас Алаш» газетіне берген сұхбатынан)

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: