Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ тілі – Microsoft-тың ресми тілінің бірі

05.06.2020, 17:30 737

HALYQLINE.KZ Бұл – Google-дан кейінгі қазақ тілін қосқан екінші әлемдік компания. Маусымның 3-і күні Microsoft компаниясы қазақ тілінің компанияның Microsoft Translator тілдер тобына қосылғанын жариялады. Компанияның аударма тілдер тобында қазір 60-тан астам тіл қамтылған.

Қазақ тілі енді Microsoft аударма қосымшалары, қондырмалар, Office бағдарламалары, Bing аудармашысы және бизнестер мен бағдарлама әзірлеушілерге арналған Azure Cognitive Services аударма қызметінің тілі болып жұмыс істейді.

Компанияның блогына жазылған хабарламада былай делінген:

«Бүгін біз тілдік кедергілерді жою жөніндегі миссиямызды жалғастыра отырып Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қостық деп қуанышты түрде жариялаймыз. Qazaqsha немесе Qazaq Tili деп танылған бұл  тілдің Қазақстан, Батыс Қытайда, Батыс Моңғолия, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа жерлерінде 22 миллионға жуық сөйлеушісі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 12 желтоқсанында WikiBilim Қоғамдық қоры қазақ тілінің Google компаниясы аударма қызметіне ресми түрде қосылғанын жариялаған болатын. Бүгінде қазақ тілі – аталмыш аударма құралындағы 109 тілдің бірі.

kaz-science.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: