HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде 250 орындық мектептің құрылысы басталды.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Мнажадин Өтеев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбановтар мектептің алғашқы кірпіштерін қалап, тұрғындарды айтулы қуаныштарымен құттықтады.
Достық көшесінің бойында бұрынғы №170 мектептің орнынан бой көтеріп жатқан білім ордасының құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС құрылысшылары жүргізуде. Мектеп 2 қабатты. Ғимараттың жалпы аумағы – 2712,51 шаршы метр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!