Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы тағы да үздіктер қатарында

18.10.2025, 1:44 122

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен өткен «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Қазалы ауданы «Озат аудан» атанды.

Есепті кезеңде өңделген күріш 126 пайызға, балық өңдеу көлемі 2 есеге артса, өңделген сүттің 95 пайызы ауданның еншісінде.

Салатанатты шарада жыл қорытындысымен өңірлің агроөнеркәсіп кешені саласында үздік жетістіктерге жеткен қазалылық еңбек озаттары да марапатқа ие болды.

Атап айтсақ, Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі ҰЗАҚБАЕВ ӘЗБЕРГЕН ҰЗАҚБАЙҰЛЫ — Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар, Рза-Асыл түлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бақташысы — ҚАРАБАЛАЕВ ЖЕҢІС ЕРТУҒАНҰЛЫ — Мүйізді ірі қараның әр 100 аналығынан 83 бас төл алып, мал басын 100% аман сақтағаны үшін «ОЗАТ БАҚТАШЫ» номинациясымен марапатталады. «Смарт Агро» шаруашылығының көкөніс өсірушісі — НҰРҚОЖАЕВ НҰРЛЫБЕК АНАТОЛИҰЛЫ — Егілген 3 гектар көкөністің әр гектарынан 411 центнер өнім алып, 123 тоннадан аса көкөніс жинағаны үшін «ОЗАТ КӨКӨНІС ӨСІРУШІ» номинациясымен марпатталады. «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің құрылыс-жөндеу бөлімінің басшысы БАЙЖІГІТОВ РҮСТЕМ ШАЯХМЕТҰЛЫ — Ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «ОЗАТ ГИДРОТЕХНИК» номинациясымен марапатталады. «Береке» шаруа қожалығының комбайншысы САПАЕВ МЕЙРАМБЕК ӘЛІМҰЛЫ — Науқан кезінде 45 000 центнер астық бастырғаны үшін «ОЗАТ КОМБАЙНШЫ» номинациясымен марапатталды.

Қазыналы ауданының бұл жетістігі – барша аудан тұрғындарының ортақ қуанышы мен абыройы! Алдағы уақытта да аудан еңбеккерлерінің жұмысына тек сәттілік тілейміз.
Қазалы ауданы — еңбектің, табыс пен дамудың жарқын үлгісіне айналып, өңірдегі өндіріс саласы өркендей берсін!

«Алтын күз-2025» салатанатты шарасында марапатталған жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Озатаудан

Қазалыауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: