Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны анықталып жатыр

10.01.2022, 13:30 263

HALYQLINE.KZ Еліміздің аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны нақтыланып жатыр. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Күштік құрылымдардың 16 қызметкері қаза тауып, 1 300-ден астамы жарақат алды. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар арасында да қайтыс болу фактісі бар. Нақты саны нақтыланып жатыр. Бүкіл ел бойынша 1 270 бизнес субъектісі зардап шекті. 100-ден астам сауда орталықтары мен банктер тоналды. Тек полицияның көліктерінің ғана шамамен 500-і қиратылды және өртелді. Ауқымды материалдық шығын келтірілді. Оның мөлшерін арнаулы Үкіметтік комиссия анықтайтын болады», – деді Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.

Айта кетейік, бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: