Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қате сөйлеу де, жазу да көркем әдебиет оқымаудан басталады­

14.03.2021, 12:00 476

Аман  АБАСИЛОВ,  ф.ғ.к., тіл  жанашыры:

– Жалпы, көркем шығарманы, газет-журналдарды көп оқыған адам сөздің қолдануын меңгереді. Сондай-ақ, сауаты­ күшейеді, жазу дәстүрі де жақсарады. Сондықтан қате сөйлеу де, жазу да ең бірінші көркем әдебиет оқымаудан басталады дер едім. Ал, жарайды оқымады делік. Олар ең болмағанда теледидар, ғаламтор желісін қарайды ғой. Ал ол жерлерде не болса, соны көрсетеді. Қалай болса, солай жаза салады. Көпшілік әдеби тілді, диалект сөзді немесе жаргон сөзді ажырата алмай әлек. Қазақ телевидениесі сай­қы­мазаққа айналғаны қашан? Елді күлдіремін деп жүргендер, өздері де күлкіге қалып жатқандарын ұғынуы керек. Эфирге шыққан әр сөз қатаң бақылаудан өтуі тиіс.

Қатеге бой алдырмау үшін тіліміздегі «в», «ц», «щ», «ч» секілді жат дыбыстардан арылуымыз қажет. Яғни, әліпби ауыстыруды қолға алғанымыз жөн. Сонда өзге тілден енген сөздер өз дыбысталуымызда сөздік қорға қосыла береді. Өзге тілдің дыбысы, өзге тілдің сөзі, өзге тілдің ережесі өз тілімізді өгейсітіп, айтқанымыз жазғанымызға сәйкес келмей, өз сөзіміз өзіміздікі болмай отыр. Бұл, әсіресе, тіліміздің фонетикалық жүйесіне қатты әсер етті. Үндестік заңы тұншықты. Тіліміз әуезділігінен айырылды.

Материал республикалық «Халық» газетіне

берген пікірінен алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: