Ұлттық құрылтайда сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық жетістіктеріне тоқталып, ел дамуына азаматтардың қосқан үлесін ерекше атап өтті. Президент патриотизмді күшейту, қоғамдағы бірлікті сақтау және ортақ жауапкершілікті арттыру маңызды екенін айтты.
Президенттің айтуынша, қол жеткізілген нәтижелер мемлекет пен қоғамның бірлескен еңбегінің жемісі.
— Бірлескен күш-жігердің арқасында экономикалық өсімге қол жеткіздік. Елдің жалпы ішкі өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал жан басына шаққандағы көрсеткіш шамамен 15 мың долларды құрады. Ұлттық қордың резервтері 65 миллиард долларға жетті, оның ішінде алтын-валюта қоры 35 миллиард доллардан асты, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл көрсеткіштер ел экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайтынын айтып, қоғамдағы әлеуметтік бірлікті сақтау мен азаматтық жауапкершілікті арттыру алдағы кезеңде де басты міндет болып қала беретінін жеткізді.
Коллаж: halyqline.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!