HALYQLINE.KZ Қаржылық сауаттылық қаржы, жеке жинақ және оны басқару тәсілдері саласындағы білім деңгейі болып табылады. Бүгінгі таңда көптеген сарапшылар қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін бес ережені айтады:
әрқашан тапқан табыстан аз ақша жұмсау;
қымбат дүниені сатып алуға тырысу; арзанға түсетін заттарды сатып алмауға тырысу;
ең алдымен, негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру;
заттың құнын ғана емес, оны күтіп ұстау шығындарын да ескеру.
Осы тұста Қызылорда «Болашақ» университетінде Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы және «Экономика, аудит, бизнес және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн форматта ZOOM платформасында бизнес-тренер, кәсіпкер Асима Султанованың «Еліміздегі қаржылық сауаттылық деңгейін қалай көтереміз?» атты тренинг өтті. Аталған іс-шараға кафедраның 1-курс студенттері қатысты.
Асима Султанова тренингте дағдарыс кезіндегі ақшаны үнемдеу әдістерін, ақшаны пайдаланудың тиімді жолдарын талқылады. Студенттерге бір аптаның ішінде ақшаны қалай үнемдеу керек екенін ойын түрінде көрсетіп, практикалық есепті ұсынды. Бұл ойын түрінде жасалған түсіндірме студенттерге қызықты болды.
«Экономика, аудит, бизнес және басқару» кафедрасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!