Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарызға» тамақ ішетіндер бар

30.01.2020, 7:59 637

Өзіңіз қалаған дүниені қалтаңыз көтермейтін жағдайға жетсеңіз қандай шара? Оны шешудің оңтайлы жолы қандай? Ең тиімді тәсіл қалтаңызда жүр. Ол – тұтынушылық несиеге арналған банк картасы. Несиенің дәл осы түрі түйткілдің түйінін тез арада тарқатудың амалына­ айналғандай.

Негізгі анықтамасына келсек, тұтынушылық несие – тауарларды сатып алу әдісі. Бұл – біздің елде ғана емес, әлемде ең көп тараған жүйе­нің бірі. Ерекшелігі сол, «кредиттің» басқа түрлеріне қарағанда жылдам­ әрі оңай рәсімделеді. Ол үшін несиенің мөлшерін белгілеп, өтінім қалдыруыңыз қажет. Несие алу барысында тауар құны мен пайыздық үстемесі көрсетіледі. Тұтыну несиесінде жеке тұлғалар борышкер болып табылады. Сатып алынған тауардың соңғы бөлігі төленгенге дейін сатушын­ың меншігі болып қала бермек. Несиенің пайыздық­ мөлшері мерзіміне байланысты реттеледі. Оның да өзіндік пайдасы мен зияны бар. Бұрындары тұтынушылық несие тек баспана, көлік немесе жиһаз алуға рәсімделсе, қазір киім, тіпті, азық-түлікті де алуға болады. Осы тұрақтылықты нарық заңдылығы мен талабына үйлестіріп, қалып­тастырып, халыққа тиімділігімен қызмет етіп отырға­н банктердің қатары­ артып келеді. Тиімді тұсы – дебеттік картаны қолдану  тегін. Тек жылына бір рет техникалық қызмет көрсету құны автоматты түрде есептелінеді. Қалған уақытта қалағаныңызша қаражат жинап, қолдана­ аласыз­. Қазір ересектер түгілі, мектеп оқушылары да осы картаны қолдан­ып жүр. Әрине, отбасындағы үлкендердің атына жазылған карта­ болуы мүмкін. Міне, қауіптілігі сол, құпия санды біл­сеңіз, кез келген қаланың кез келген маркетіндегі тауарға қол жеткізу мүмкіндігі – сіздің қолыңызда.

Ол аз десеңіз, азық-түлікпен қоса, киім алуды сәнге айналдырғандар­ да бар. Картаға салынған лимит жұмсалған жағдайда пайызсыз, комис­сиясыз, артық төлемсіз 3 ай мерзім беріледі. Қаражат банк шотына емес, картаға түседі. Уақытынан кешіккен жағдайда 2000 теңге көле­мінде айыппұлы бар. Сонымен қатар, жұмсалған қаражатыңызға қарай бонустары да қарастырылған. Бірақ, шотыңыздағы ақшаны қолма-қол ала алмайсыз, тек дүкендерде сауда жасай аласыз. Қателеспесек, қазақстандықтардың 85%-ы осы қызмет түрін қолданады. Қолданушылардың  саны аз еместігіне қарап, елдегі әлеуметтік ахуалға алаңдауға негіз бар. Бір байқағаным, қаламыздағы ірі сауда орындарында халық киімнен бөлек, осы карталар арқылы тамақтануды да жиілеткен. Тіпті, мейрамханаларда да банк картасына қарыз болу дәстүрге енуде. Бұл біз үшін тиімді ме? Әрине, әлем елдерінде мұндай жағдай қалыпты. Қолда қаражат жоқ, бірақ, карта арқылы төлем жасау тиімді. Ал, қарызды өтеуге келгенде, уақытында үлгермесең, айыппұлдары баршылық.

Несие алып, керегіңе қолдану, қажетіңді алу жақсы. Бірақ, діни тұр­ғысынан өсім, пайызға рұқсат етілмейді. Көбінесе «несие алу, қарыздану – күнә» деп жатады. Бірақ, Ислам өміріндегі әрбір сөз заманға сай қолданылатындығына орай, жан бағу үшін несие алып, оны уақы­тылы төлесе, оның еш айыбы жоқ дегенді алға тартады дін өкілдері.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жеке тұлғаларға­ берілетін тұтынушылық несиенің мөлшері 3,3 триллион теңгеге жеткен­. Осылайша, бір жылда тұтынушылық мақсатта кепілсіз алынған­ несие 20,3%-ға артқан. Несие – күнкөріс, тұтынушылық – қажеттілік. Дегенмен, көрпемізге қарай көсіліп, қажетімізге жаратып, уақытылы төлеп, тиімді пайдаланған жөн.

Тоғжан  ҮБАЙДІЛДАҚЫЗЫ,

ҚМУ-дың  4-курс  студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: