Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшылықтар құрмет көрсетті

14.02.2020, 10:25 819

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Жастар» саябағында ауған соғысында қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге арналған митингі өтті.

Аталған шарада қорғаныс істер бөлімінің басшысы Р.Тұрғанов , аудандық «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ерманов сөз сөйледі.

«Ауған соғысының аяқталғанына 31 жыл толғанымен, сол бір зұлмат жылдардың қайғы-қасіреті әлі де болса көптің көкейінде. Себебі, талай отбасын қан жылатқан сол соғыста біреу ұлынан, енді біреу асыл жарынан, ал біреулер әкелерінен айырылды. Сондықтан, қыршын кеткен боздақтардың ерліктеріне тағзым етіп, құрмет көрсету – біздің міндетіміз», – деп атап өтті ол.

Шара барысында Ауған соңысының ардагерлері Жосалы кенті орталғындағы Ауған соғысында қаза тапқан батырларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Арнайы деректерге сүйенер болсақ, облыс бойынша соғысқа қатысқан 860 адамның 20-сы қаза тауып, 28-і мүгедек болып оралды.

Қармақшы ауданынан Ауғанстан жеріндегі соғысқа 87 азамат аттанған болса, үшеуі майдан даласында қаза тапты.

Ауған соғысында ерлігімен көзге түскен жерлестерміз Досаев Роман, Нұрмаханов Данабек, Сандыбаев Мархабай «Қызыл жұлдыз» орденімен, Оспанов Бақытжан, Ниязбаев Қуаныш, Жұмағұлов Әділ, тағы басқа азаматтарымыз «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Осындай ауыр аманат арқалап , өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен еріктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің ерлігі өшпес өнеге.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: