Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшыда жарылған газ баллонынан 4 адам қайтыс болды

15.03.2021, 16:20 669

HALYQLINE.KZ Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі 29 тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты.

Оқыс оқиға сағат 13:30 шамасында болған. Тұрғын үйдегі 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 шаршы мерт жер өртке оранған. Отбасындағы 2001 жылы туған С.Өміртаева, 1981 жылы туған Р.Айтмаханова, 2000 жылы туған Н.Айтмаханова және 1999 жылы туған С.Мырхиев көз жұмды.

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 жылы туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

Өртті сөндіруге Қызылорда облыстық Төтенше жағдай департаментінен 16 қызметкер, 4 бірлік техника және басқа да тиісті сала қызметкерлері мен техникалар жұмылдырылды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтты. «Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!» деді фейсбук парақшасында өңір басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: