Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қармақшыда барлық макроэкономикалық көрсеткіш жоспардан жоғары орындалды» – Аудан басшысы

04.02.2026, 11:59 58

Брифинг барысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қармақшы ауданының макроэкономикалық даму көрсеткіштері толық орындалып қана қоймай, бірқатар бағытта 100 пайыздан жоғары нәтиже көрсеткені мәлім болды.

– 2025 жылдың қорытындысымен ауданның барлық макроэкономикалық көрсеткіштері 100 немесе 100 пайыздан жоғары деңгейде қалыптасты. Бұл аудан экономикасының негізгі салаларында, әсіресе ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілгенінің нақты көрінісі. Әрбір сала бойынша жоспарлы индикаторлар белгіленіп, соның аясында нақты нәтижеге қол жеткізілді, – деді аудан басшысы.

Айта кету керек, бұл көрсеткіштер өңірдің тұрақты дамуына негіз болатын басты факторлардың бірі саналады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: