Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшы ауданының әкімі ауыл халқының мәселесін тыңдады

27.10.2022, 15:30 519

HALYQLINE.KZ Бүгін Қармақшы ауданы әкімі Әділбек Ерсұлтанов «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес шалғайдағы Тәйімбет Көмекбаев ауылының халқымен кездесті.

Ондағы мақсат ауылдың тыныс-тіршілігін жіті бақылауда ұстап, ауыл тұрғындарының талап-тілегін тыңдау. Кездесуде аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы 2022 жылдың 9 айында ауданның макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда оң динамика қалыптасуы барысына тоқталып,оның ішінде Т.Көмекбаев ауылы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытттағы кезең-кезеңімен орындалатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Алдымен аудан әкімі ауылдық округте жасалып жатқан құрылыс жұмыстарына тоқталды. Биыл ауылда іске асырылатын ілкімді ірі екі жоба жүзеге асырылатын болады. Оның бірі «Қарақ және Қоңыраулы-көлдей» су тоспасының құрылысына және ауылдағы таза ауызсу қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобасына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ, Көмекбаев ауылына жаңадан клуб үйін салу туралы тұрғындар сұраныстары бойынша аудандық бюджеттен қазіргі таңда қаржы бөлініп, 100 орындық клуб үйінің құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қарауына ұсынылуда екендігін жеткізді. Сонымен қатар,, аудан әкімімен бірге ауыл әкімі Н.Ахметов ауылдық округ бойынша тиісінше атқарылған жұмыстарды тұрғындарға баяндады.

Бүгінгі таңда ауыл көшелерін аяқ сумен қамтамсыз ету үшін 2 су айдау насосы жұмыс жасап тұрғандығын және бұл насостарға электр қуатын жеткізу үшін 1 дана электр трансформатор сатып алынғандығын,сонымен қатар ауылдағы аллеяға Арка орнатылып және спорт алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілсе және Қуаңдария ауылына кіре беріс және Көмекбаев ауылына шығатын бағыттағы каналдағы көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, қоршау орнатылғандығын айтты.

Сонымен қатар, Көмекбаев ауылдық округі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субектілері, ауыл шаруашылығы оның ішінде өзекті жайылымдық жерлер, жол, жарық мәселесі, ауылды көркейту көгалдандыру барысындағы абаттандыру жұмыстары және тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне жіті тоқталды. 

Келелі кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдалды. Халықтың айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын болады. Кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды таза ауыз сумен қамтитын су қабылдайтын құрылғының құрылыс жұмыстарын бақылады.

Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың халықпен кездесулері Алдашбай Ахун ауылында жалғасты. Кездесуде аудан басшысы 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды баяндап, ауылда салынып жатқан құрылыс жұмыстары жайлы сөз қозғады.Оның ішінде, биылғы жылы аталмыш ауылда су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобасы іске асырылып жатқандығын және жаңадан 100 орындық клуб үйін салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірлену үстінде екендігін жеткізді.

Алдашбай Ахун ауылдық округі бойынша, бүгінгі күнге тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері, ауыл шаруашылығы оның ішінде өзекті жайылымдық жерлер, жол, жарық мәселесі, ауылды көркейту көгалдандыру барысындағы абаттандыру жұмыстары және тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне жіті тоқталды.

Сондай-ақ, жиында ауыл әкімі Н.Тоғызбаевтың атқарған жұмыстары туралы хабарламасы тыңдалып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аудан басшысы тұщымды жауаптарын берді.Жиын соңында аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов Алдашбай Ахун ауылындағы салынып жатқан су қабылдайтын құрылғының құрылыс барысын көрді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: