Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қара шаңырағым – Қазақстаным

01.03.2022, 9:00 955

HALYQLINE.KZ Еңсесі биік ел деп өзге елдерден алдыңғы қатарда жүретін, дамыған елді емес, бірлігі менен ынтымағы жарасқан халқы бар елді айтамыз. Қазақ халқының тұңғыш президентіміз өз сөзінде: «Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар» деген еді. Бұл тармақ жолдарынан президентіміздің өзге ұлт өкілдерін шеттетпей, өзге этнос өкілдерінің тұтастай бір қазақты құрайтындығын айтқысы келгенін байқауға болады.

Қазақ жері кең байтақ. Мұнда көптеген ұлт өкілі турады. Сол өзге ұлттың бірі мен боламын. Бірақ мен өзімді қазақ жерінде қазақ тәрбиесін алған, қазақ жерінде өсіп өнген қазақ қызы ретінде санаймын. Себебі мен кішкене кезімнен бастап қазақ халқымен етене араласып, қазақ халқының салт-дәстүрін жетік білетін өзбек қызымын.

Мен, Исмоилова Озода, осындай кең байтақ Қазақстан жеріне 2014 жылы қоныс аударған едім. Сол жылдары №5 Панфилов атындағы мектепке оқуға қабылдандым. Бұл мектепте көптеген қазақ балаларымен танысып, қазақ ұлтына деген сүйіспеншілігім арта бастады. Сыныптастарыма қазақ халқын өте сыйлы халық қылып көрсеткені үшін де алғыс айтамын.

Қазіргі таңда Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжінде оқып жатырмын. Менің топтастарым да – қазақ балалары. Осы колледжге түскен сәттен бастап таза қазақша сөйлеуді әдетке айналдырдым. Міне, қазіргі таңда 3-курс студентімін. Қазақ тілін толық меңгердім десем, қате айтпаймын. Себебі, қазақ жырларын оқып қана қоймай, қызық өлеңдерін жаттап, қазақ тарихына үңіле бастадым. Осындай кереметтей тәрбие мен ұмытылмас қызықты естеліктер сыйлап жатқаны үшін қазақ халқына, қазақ жеріне наурыз айының алғашқы күнімен қосақтасып келген 1 наурыз – алғыс айту күнінде үлкен алғысымды білдіремін.

Біз өмірдегі барлық нәрсеге ризашылықпен өмір сүруіміз керек, себебі ризашылық біздің өмірімізді бақыт пен шаттыққа, табысқа жетелейді. Барлық нәрсеге риза болу арқылы, жан дүниемізден шыққан ыстық сезімді алғыс ретінде білдіре аламыз. Алғыс айту арқылы жан дүние сұлулығын, өзге адамға, жерге, елге деген сүйіспеншілігмізді, сыйластығымызды көрсете аламыз.

Мен қазақ жерінде туғаныма ешқашан өкінбеймін. Қазақ жеріне де, құшағын айқара ашқан, жылы жүзді қазақ халқына да алғысымды білдіремін. Ешқандай ұлт өкілін өзге етіп қарамай, барлығын өз бауырым, қандасым деп қараған қазақ секілді халықты өзге жерден табу мүмкін емес шығар, сірә!

Рақмет саған, Қазақстан, рақмет саған қазақ елі!

Озода Исмоилова,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық

жоғары колледжінің студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: