Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаны тазы қазақтың тазысы

20.03.2025, 12:20 83

HALYQLINE.KZ

Әдетте жеті қазынаның бірі саналатын итті адамның досы деп жатамыз. Айтса айтқандай, қазақ итті сәндік үшін емес, сенімді серігі етіп ұстаған. Ол қотандағы қойға ит-құсты жолатпай, үйді қориды. Қысқасы, ит өз міндетіне адал.

Ал, тазыға келетін болсақ, оның жөні бөлек. Тазы дегеннің өзі таза деген сөзден шыққан. Тазы иттер талғампаз, кез келген дүниені жей бермейді. Аузын берік ұстайды.

Біз қарауылтөбелік Манап Нұрымбетовты кәнігі аңшы тұрғысынан танығанымызбен тазы ұстап, ит жүгіртетін икемін енді білдік. Аңшының әңгімесі де қызық, айтатыны да баршылық екен.

– Менде екі тазы бар. Бірінің аты –Қарадауыл, екіншісі – Тұйғын. Екеуі де бойына біткен ептілік, жылдамдық қасиеттерімен ерекше. Ізшілдігімен, желмен жарысқан жүйріктігімен, сұлу мүсінімен де көз тартады. Бір артықшылығы – тазы ешқашан қарғыбау көрмей, еркін жүріп-тұрады. Иесінің қас-қабағын ұғатын қасиетке ие, – деп ол тазыларын бір суреттеп берді.

Шынында қоян, шошқа, қасқыр алып жүрген тазылары Манаптың берген бұйрығын бұлжытпай орындап, белгілі мақсатқа бейімдігімен ерекшеленді.

Негізінен тазының екі түрі болса, екі иттің бірі шашаққа, екіншісі жарғақ тұқымына жатады. Жарғағының жүні тықыр болғандықтан қыста жаурағыш келеді. Бірақ ол ұшқыр. Ал, шашақ тазы — суыққа төзімді, ұзақ шабыстың иесі.

Біздің аңшыға қойған алғашқы сауалымыз итті ауыздандыру әдісі болды. Ол ойланбастан: «Қақпанға түскен аңға салып, оны ұшқырлап, шыңдаймын. Сонан соң кең далада жүгіртіп, аңның соңына жіберемін. Қазір ауылдастарымның өтінішімен шибөріге салып жүрмін» деді.

Ежелден еншісіндегі аңшы иттерді тазы деп атайтын қазақ халқы парсылардың «таза, алғыр, шапшаң, жүйрік» сөзімен түбірлес мағы¬насына байланысты сияқты. Бүгінде саны сиреген тазыны да сақтап қалуымыз қажет. Манаптың қазіргі мақсаты да осы.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: