«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, қаңтардың соңғы күндерінде Қазақстан аумағында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Елдің басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшеюі ықтимал. 31 қаңтарда күндіз ауа температурасы оңтүстік пен батыста –5-тен +5 градусқа дейін, ал солтүстік және орталық аймақтарда –10-нан –2 градусқа дейін болады.
Қаңтардың соңында Қазақстанда ауа райы жылынады
28.01.2026, 12:20 30
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!