Осы жұрт газет шығару оңай деп ойлайтын болса керек. Елден естуімізше, (өтірік айтса, өздері біледі) жас алпыстан асқан және баспасөзде бұрын-соңды қызмет істемеген бір әріптесіміз Астана әкімдігіне барып, бас қала басылымын басқарғысы келетін ниетін білдірген көрінеді. Сондағы айтқан сорақы сөзі мынау: «Маған мүмкіндік берсеңіздер, бәрін тастай қыламын. Екі-үш журналист жетіп жатыр. Қалғанын жасанды интеллект қатырады». Ал енді күлесің бе, жылайсың ба?
Талғат БАТЫРХАН,
«Egemen Qazaqstan»
Көрнек сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!