Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайыршының құлқыны

05.02.2025, 9:25 60

HALYQLINE.KZ

Бір жомарт адам қайыршыға ай сайын 1000 доллар беріп тұрған екен. Бір күні ол қайыршыға 750 ғана доллар беріпті. Қайыршы таң қалса да, бірақ «жоқтан бары жақсы» деп күбірлеп кетіп қалады.

Келесі айда қайыршыға 500 доллар берді. Қайыршы қатты таң қалып: «Сен маған 1000 доллар беретінсің, содан кейін ол 750 доллар болып азайды. Қазір 500 доллар, неге? Мен себебін біле аламын ба?», – дейді.

Жомарт адам былай деп жауап берді: «Бұрын менің барлық балам кішкентай еді, менде жеткілікті ақша болғандықтан, мен сізге 1000 доллар бердім. Ал қызым есейіп университетке оқуға түсті, университеттің құны жоғары болды, сондықтан мен саған 750 доллар бере бастадым.

Енді менің екінші ұлым университетке оқуға түсті, оның шығыны қосылды, мен саған 500 доллар бердім», – деді. Қайыршы:

«Сенің қанша балаң бар?» деп сұрағанда, «Төрт» деп жауап берді. Қайыршы:

«Сонда сен барлық балаңды менің есебімнен оқытпақсың ба?», – деп сұрапты.

Кейде адамдар игі істерді жомарттығың емес, өзінің құқығы деп санайды. Туысқаныңнан, жақын адамдарыңнан алған нәрсеңді бағалап үйрен, олар саған көмектесуге міндетті емес.

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: