Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Психологияның қызықты деректері

13.02.2025, 7:30 99

HALYQLINE.KZ

1. Адам бала күнінде тіл табыса алмаған ата-анасына ұқсайтын адамдарға ғашық болады. Бала жүректе зіл болып қатқан сол ескілікті мәселені өзі сезбестен ересек өмірде шешуге талпынады.

2. Кембридж университеті жасаған зерттеулердің нәтижесі бойынша, «әрпіетр қаднай тіртәпте орнасалқаны маңызды емес, батсысы бірішні және соғңы әірп орыныдна тұсра боғланы».

3. Өмірдегі ең қуанышты сәттер де, мысалы университет тамамдау, неке қию, жаңа жұмысқа тұру да адамды күйзеліске ұшыратады.

4. Әке-шешенің темекі тарту зияндылығы туралы әңгімесі балаға көп әсер ете қоймайды. Темекі тартуды жасөспірімдер үлкендерге еліктеуден бастайды. Көбіне ересектердің темекі жайлы қызықты әңгімесінен кейін жастарға ұсынысы өтімді келеді.

5. Психологияда бір ұстаным бар: бір жағдайды күтіп, одан көп нәрсе дәметсең, нәтижесі кері болып, мүлде дым болмай қалады. Көпті күтсең – аз аласың, азды күтсең – молынан басасың. Ұстаным өте нақты түрде жүзеге асады. Ешқашан өзгермейді.

6. Көп адам таныс емес жерде бірінші оңға бұрылады. Бұны біліп жүргеннің артықтығы жоқ: егер көпшілік ішінде ұзақ уақыт болғыңыз немесе кезекте көп тұрғыңыз келмесе, солға қарай сенімді түрде жүре беріңіз, яки кезектің сол жағындағысына тұрыңыз.

7. Қызыңызға сыйлық жасағыңыз келсе, оған тосынсый алдым, не екенін тапшы деп жасырып көріңіз, ол не қалайтынын айтып шығады.

8. «Бейпіл сөйлеудің» ғылыми атауы – копролалия.

9. Егер үнемі жаман түстер көретін болсаңыз, онда ұйықтаған кезде қатты жаурап қаласыз деген сөз. Бұл – ғылыми факт. Жатын бөлме суық болған сайын адамның түсі қорқынышты бола береді.

10. Бақылаушылардың қадағалауына сенсек, көзі көк адамдар бірнеше секундта ғашық болады, қысық көзді адамдар бір мезгілде екі адамды жақсы көре алады. Жасыл көзді адам ғашық болу үшін көп уақыт кетеді, кейде жылдарға созылып кетеді. Басқа түсті адамдардың барлығы бір сағаттың айналасында ғашық болады.

Аударған  Шынар  Әбілда

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: