Құқық қорғау органдары меценат және A class Medical компаниясының директоры Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме
Медеу аудандық полиция басқармасы азамат Д.-ны адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іздестіріп жатыр. Оған іздеу жарияланды. Сот 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады. Күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабалады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Азамат Доланбаев А class Medical компаниясының директоры және меценат ретінде көрсетілген. 2020 жылы ол Талғар аудандық орталық ауруханасын 15 жылға сенімгерлік басқаруға алғанын айта кету керек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!