Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пойызда ескеретін 7 кеңес

30.01.2020, 16:32 942

Осы жұрт ұшақтағы лайфхактар жайында жазып жатады ғой. Мен көбіне-көп пойызбен жүреді екем. Сондықтан сол пойыз туралы керек кеңестерді айтып берейін:


* Билетті 45 күн бұрын алсаңыз, 25%-ға арзан түседі.
* Билетті 2 тәулік бұрын тапсырсаңыз, ешқандай ақы ұстамауы керек. 6 сағат бұрын өткізсеңіз, 50%-құнын ұстап қалады.
* 7 жасқа дейінгі балаңызды жаныңызға алып жатсаңыз, тегін. 7-14 жастағы балаларға жарты құн ғана төлейсіз.
* ТЖ вокзалында ақылы дәретханаға сол күні жүретін билетіңді көрсетсең, ТЕГІН кіруге құқылысыз!
* Жолсеріктер «төсек-жастық тыстарын өткіз» деп ескертіп жатады ғой. Негізі, көрпе-төсекті жинау – сол қызметкерлердің міндеті. Әрі жолаушылар түсіп кеткеннен кейін ғана жинауы керек! Ал, сіз өзіңіз өткізіп жүрсіз бе?)
* Телефон зарядтауға 250 теңге төлеп жүрсіз бе? Бұл – заңсыз! Тегін қуаттап беруі керек.
* Қасық, пияла деген заттарды онсызда береді. Сондай-ақ, шахмат, дойбы сияқты ойын құралдарын да тегін беруі керек.

Нұрбек БЕКБАУ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: