Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Парламент зейнетақы реформасын тоқтатуды қолдады

18.12.2025, 1:38 27

Франция парламенті 2026 жылға арналған әлеуметтік сақтандыру бюджетін қабылдады, оған алдын ала басталған зейнетақы реформасын уақытша тоқтату көзделген, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім Ұлттық ассамблеяда дауыс беру барысында бекітілді.

Құжатты қабылдауға 247 депутат дауыс берсе, қарсы болғандар саны 232 болды.

Қабылданған бюджет зейнетақы жүйесін реформалау мәселесі төңірегіндегі ұзаққа созылған саяси және әлеуметтік дауларға байланысты компромисс шешім.

Франциядағы реформа зейнетақы жасын көтеру мен төлем тәртібін өзгертуді көздегендіктен, ол жаппай наразылықтар мен оппозиция мен кәсіподақ тарапынан сынға ұшырады.

Реформа тоқтатуды қарастыратын норма бюджетті парламент арқылы өткізуге мүмкіндік берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: