Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отанға қызмет – елге құрмет!

24.01.2025, 17:35 103

Біртұтас ел – біртұтас жер!

Әскерлердің арасында Өмірді сақта» құқықбұзушылық профилактикасы ведомоствааралық бірыңғай жоспарының талаптарын орындау мақсатында және Қызылорда гарнизонының әскери прокурасының үйлестірумен «Қол жұмсау жолымен болатын билікті теріс пайдалану және жарғыдан тыс қатынастарды алдын алу», «Алкоголь мен есірткі–қылмыстың себептері», «Жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу», «Айыппұлсыз жыл» акциясы және «Әскери бөлімді өз бетімен тас кетуді, әскери қызмет өткеруден бас тартуды және жалтаруды алдын алу» тақырыптарында профилактикалық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу бойынша Қызылорда гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен сәтті орындалуда.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының игі бастамасы мен Қызылорда гарнизонының әскери прокурасының үйлестіруіндегі талаптарда Қызылорданың әскерлері сәтті орындап, өңірдегі әскери құқық бұзушылық деңгейін күрт төмендетті.

Еліміздің бүгіні, ертеңі мен болашағы ішкі сыртқы тыныштығына тікелей байланысты.

Кезіндегі Алтай мен Атырауды жайлап, Еділ – Жайықты бойлай қоныс теуіп ел шежіресін сыр алқапқа найзаның ұшымен, білектің күшімен, қанмен қашап жазған өр рухты бабаларымыздың ұрпақтары бүгінде ел тыныштығын күзетуде. Сайдың тасындай іріктелген қайсар ерлер аналарымыз бен балаларымыздың түн ұйқысының тыныштығын сақтауда болса, буыны бекіп, ақыл-ойы толыққан жастарымыз әскер қатарына алынып, ел мен жер алдындағы мақсат міндеттерін ұғынуда.

Әскери қызметшілер әскери өмірде темірдей қатал тәртіпке бағынып ел басына күн туған сәтте, кезкелген жағдайдан шығу жолдарын, қорғану мен қорғауды антқа берік, досқа адал болуды үйренуде.

Дегенмен де, бес саусақ бірдей емес, ел үміт артқан ерлеріміздің ішінде «Әскери бөлімді немес қызмет орнын өз бетімен тастап кету және бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту жағдайларға» жол беріп, қиыс басатын азаматтарымыз да бар.

Осы орайда, олқылыққа жол бермеу мақсатында, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері 2025 жылғы қаңтар айында көптеген оқу түсіндіру жұмыстарын өткізуде.
Оқу, түсіндіру жұмыстарының барысында әскер қатарындағы келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-тарау «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар», 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру», 15-тарау «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар», 437-бабы Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау, 438-бабы Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу, 439-бабы Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттерi, 440-бабы Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу, 441-бабы Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, 442-бабы Қашқындық, 443-бабы Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 3 және 6 тармағындағы «Әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету және бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту бойынша әскери қызметшілердің әкімшілік жауаптылығы» жайында түсіндіріліп, мұның әскери бөлімге, өзінің жеке басына қаншалықты зарар келтіретіндігі, соңы қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылумен аяқталатындығы ұғындырылуда.

Азаматтарымыздың тәртіпсіздік пен құқық бұзушылққа нөлдік төзбеушілігі, аз күндік қиындыққа шыдас бермей, олқылыққа жол берулерінің негізгі себебі – ішкі әлсіздігі, Отансүйгіштік, патриоттық сезімдерінің мұқалуы. Сондықтан да рухы өр, жігері бекем нағыз ерлерімізді өсіруге күш салуымыз қажет. «Ерді намыс өлтіреді» демекші намысты ұл өсіріп, жігерін жани білейік. Сертіне селкеу түсірмейтін ұлдарымыз көп болғай!

Бақтияр Дәуренқұлов,

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету

жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: