2023 жылы облыс көлемінде мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы көлемі 105,69 га құрайтын 24 орман өрті тіркелген. Оның 26,29 га орманды жерлер (орман көмкерген – 25,86га), 79,4 га – ормансыз алқаптар. Өрт салдарынан орман қорына тікелей 985,2 мың теңге залал келіп, 22,2 мың теңгесі өндірілген.
Орман өрттері негізінен табиғи (найзағай, күннің күрт ысуы, т.б) және адами факторлар (демалыс кезінде алауларды толық өшірмей кету, егіс алқаптарындағы, каналдар мен арықтардағы шөптесін өсімдіктерді бақылаусыз отпен тазарту кезінде, т.б.) әсерінен болады.
Осы орайда Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы 21 ақпанында, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен, облыс көлеміндегі орман иеленушілердің 2024 жылғы өрт қауіпі бар маусымға дайындық мәселелері және алдағы атқарылатын шаралар туралы кеңес өткізілді.
Кеңес барысында орман иеленушілерге, орман өрттерінің алдын алу, өрттерді болдырмау мақсатында атқарылатын негізгі жұмыстар талқыланып, жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруды, өрт қаупі бар маусымдарда орман өрттерінің алдын алу тақырыбында БАҚ-да жариялымдар, мақалалар жариялау, жергілікті телеарналардан үнемі бейнероликтер көрсетіп отыру тапсырылды.
Дегенмен де, мемлекеттік орман қоры учаскелеріне жақын орналасқан, елді мекендер тұрғындарына, шаруашылық субъектілері мен шаруа, фермер қожалықтары басшыларынан:
- Егін алқаптары мен егістік жерлерді, каналдар мен арықтарды шөптесін өсімдіктерді тазарту кезінде отқа абай болып, оны қатаң бақылауда ұстау;
- Табиғат аясында демалыс кезінде алауларды бақылаусыз қалдырмауды, оны демалыс аяқталған соң мұқият сөндіру;
- Орманды алқаптарда өрт оқиғалары байқалған жағдайда, сол жерге жақын орман шаруашылығы қызметкерлеріне хабарлау сұралады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2024 жылғы 20 наурыздағы №27-4/61-НҚ «2024 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусымды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы көлемінде 2024 жылғы 20 наурызынан бастап өрт қауіпі бар маусымы ашылу туралы бекітілген.
А.Еримбетова,
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бас маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!