Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ораза-2025: пітір садақа мөлшері бекітілді

18.02.2025, 15:45 115

Санаулы күндерден соң мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады.

Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталатынын хабарлап отыр. Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн — Қадір түні, ал 30 наурыз — Ораза айт мерекесі.

Айта кетейік, барлық өңір, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін PDF форматта muftyat.kz сайтынан сілтемеге өтіп жүктеп алуға болады. 

Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін былтыр күзде бекіткен еді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: