Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оралда балалар үйінің түлектері жатақхана шатырына шығып, пикет өткізді

12.09.2023, 17:37 277

HALYQLINE.KZ

Орал қаласында балалар үйінің түлектері тұратын «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің бірнеше тұрғыны 11 қыркүйекте таңертең жатақхана шатырына шығып, биліктің «жөндеу жұмыстары кезінде» үйден шығару туралы шешіміне наразылық білдірді.

Жастар үй жөнделген соң оларға қайта оралуға рұқсат бермейді деп есептейді. Балалар үйінің түлектері далада қалудан қорқады.

11 қыркүйекте таңертең «Шаңырақ» үйінде тұратын бірнеше адам аулаға жиналды. Олар билік жатақханадан кетуге мәжбүрлеп жатыр дейді. Аулаға жиналғандар облыс әкімі мен оның орынбасары келіп, бөлмелерді қайтаруға уәде беруді талап етті. Облыс әкімі келмейтіні мәлім болған соң тұрғындардың бірі Константин Киндеров үй шатырына шықты. Ол билік өкілдерінің келуін талап етті. Ол пышақты иығына тақап, өзіне қол жұмсауға оқталды. Содан кейін тағы бірнеше тұрғын шатырға шықты.

— Әкімшіліктің бізде жұмысы жоқ. Менің екі балам бар. Бізді қуып жатыр, қайта оралуға ешкім кепілдік бермейді. Оның үстіне, бізді қала сыртындағы жазғы лагерьге қуып жатыр. Бір балам мектепке, бір балам бақшаға барады. Оларды қалай жеткізем? – дейді кейін шатырға көтерілген Айнагүл Өтебәлиева.

Жасөспірімдер үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетов ғимарат 1958 жылы тұрғызылғанын, содан бері жөнделмегенін айтты.

— Тендер ұтып алған компания үйді тезірек босатуды сұрады. Білім басқармасы тұрғындарды уақытша орналастыруға уәде берді. Тұрғындар келісім-шарт талап етті. Оларды қайта кіргізбей ма деп қорқады, — дейді Өмірбай Қалымбетов.

Балалар үйінің түлектері бұл үйде 23 жасқа дейін ғана тұруы керек. Алайда жетімдер заң бойынша пәтер алуға құқылы. Бірақ олар жылдар бойы пәтер ала алмай, жатақханада қалуға мәжбүр.

Қазір үш қабатты үйде 88 ересек және жеті жасқа толмаған 67 бала тұрады.

https://rus.azattyq.org/embed/player/0/32587949.html?type=video&platformType=cross-promo&enablejsapi=1

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: