Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оны сүйемін, мойындауға ұяламын…

22.05.2021, 10:00 1082

HALYQLINE.KZ 9-сынып.

Ол жүзі қаяу тартып, партаның жанында тұр екен.
Қасына барып, не болғанын сұрадым.
Сөйтсе ол математиканы түсінбейді екен, содан мен оған көмектесуге ұсыныс жасадым!
Ол күлімдеді де, бетімнен сүйіп алып, мені әлемдегі ең жақсы дос екенін айтты.
Ал мен оған сүйетінімді айтуға қорқамын…

10-сынып.

Ол маған қоңырау шалып, келуімді өтінді.
Жігіті оны тастап кетіпті, әрі өзі үйде жалғыз болғысы келмейді екен.
Біз оның үйінде отырып кино көрдік, түннің бір уағында ол ұйықтауға жиналды.
Осының алдында ол мені бетімнен сүйіп, мені әлемдегі ең жақсы дос екенін айтты.
Мен оны сүйемін, бірақ неге екені белгісіз оны мойындауға сондай жүрексінем!

11-сынып.

Ол менің қасыма келіп, бітіру кешіне бірге баруымды өтінді.
Сөйтсе оның жігіті ауырып қалыпты, ал бір өзі анда барғысы келмейді екен.
Мен келістім.
Ол бетімнен сүйіп алып, мені әлемдегі ең жақсы дос екенін айтты.
Ал мен оны сүйемін, бірақ мойындауға батылым бармайды…

Бір-екі жылдан кейін…

Ол маған жүгіріп келіп, мені әлемдегі ең жақсы дос екенін айтты.
Міне ол, неке қию сарайына кетіп барады…
Той көйлегінде неткен әдемі еді ол!
Оны сүйеді деп сенемін, мен үшін бастысы – ол өзін бақытты сезінсе екен.
Өйткені мен оны жақсы көремін, бірақ оны мойындауға дәтім бармайды.
Өйтсем мен оны жоғалтып аламын!

…Жерлеу рәсімінде тұрмын.

Біршама жылдар өтті, ал мен оны әлі де сүйемін…
Мен оның заттарын қарап жатырмын, жеке күнделігін тауып алдым да, ішінен жалғыз ғана бір сөйлемді оқимын:

– «Ол – әлемдегі ең жақсы дос, мені одан басқа ешкім түсінбейді!

Қанша рет ол маған көмектесті.
Мені жігіттер тастап кеткен кезде жұбатты, тіпті менімен бірге бітіру кешіне барды…
Мен оны сондай сүйемін, бірақ оны мойындауға қатты ұяламын, өйткені оны жоғалтудан қорқамын!»

Аударған: Арман Шайкен

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: