Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Өскеменді қазақыландырған Сапарбаев» – депутат

02.12.2024, 9:30 101

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов «Adal Adam» youtube-арнасына берген сұхбатында марқұм, мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев туралы пікір білдірді. Депутат Бердібек Мәшбекұлының Шығыс Қазақстан облысына әкім болған тұста атқарған жұмысы туралы ой бөліскен. Әсіресе, төтенше жағдай кезіндегі әрекетін ерекше атады.

«Бердібек Мәшбекұлы Шығыс Қазақстан облысын басқарған сәтте ол кісінің менталитеті біздің елдің мінез-құлқына сәйкес келмегені рас. Ол кісі қазақы, біз «орысшалау» өскенбіз. Алғашқы кезде түсінбеушілік болды, бірақ кейін ол кісі өте жақсы қызмет атқарды. Мысалы, көктемгі су тасқынынан екі ауылды су басып қалған еді. Сол кезде жылдам әрекет жасады. Түнде суға кеткен ауылға таңертең тікұшақпен барып, бәрімізге жауапты міндет жүктегені есте. Ауыл тұрғындары үшін қауіпсіз аймақтан бірімізге мектеп салуды, бірімізге үй салуды тапсырды. 6 айдың ішінде тұрғындары үшін жаңа елді мекеннің құрылысы аяқталып, инфрақұрылымын, әлеуметтік нысандары толық біткен болатын», – деді ол.

Сондай-ақ сұхбат барысында Сапарбаевтың Өскемен қаласын қазақыландыруға қосқан үлесі де айтылған.

«Расын айтқанда, Өскемен қаласын қазақыландырған – Бердібек Мәшбекұлы. Тіпті әкімшілік алдындағы Ленин ескерткішін алып тастап, орнына хәкім Абайдың ескерткішін қойды. 60 пайыздай басқа ұлт өкілдері тұратын өңірде мұндай шешім шығару оңай емес», – деді Ұлықбек Шабданұлы.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: