Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

09.12.2025, 0:10 34

Жылу беру маусымы басталғалы облыс көлеміндегі тұрғын секторларда 34 өрт оқиғасы орын алған. Ал, жыл басынан бері тілсіз жаудың 432 оқиғасы тіркелді. Қатердің алдын-алу мақсатында әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар мен полиция өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктердің волонтерлермен бірлесіп профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін 74 463 тұрғын үй араланған. Бұл туралы облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Арман Дастенов мәлімдеді.

  • Тұрғындармен 200 рет кездесу ұйымдастырылып, соның ішінде электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп қамтылды. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардан алынған тізімге сәйкес әлеуметтік осал топтағы 6 825 отбасы нақтыланған. Аталған отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған 484 дана табиғи газды анықтайтын датчик орнатылып, тұрғындарға пайдалану ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар 1-5 желтоқсан аралығында облыс төңірегінде Полиция департаментімен бірлескен «Газ баллон» акциясы ұйымдастырылып, газбен жабдықталған автокөлік иелеріне, газ құю бекеттерінің өкілдеріне және тұрғын секторларын аралау арқылы тұрғындарға газ баллон қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері насихатталды. Акция кезінде барлығы 28 рейд ұйымдастырылып, 5000-нан астам тұрғынға өрттің алдын алу шаралары түсіндірілді,- деді Арман Мамайұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: