Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында құрылған жұмысшы комиссиясымен қаладағы халыққа қызмет көрсететін нысандардың жай-күйіне зерделеу жұмыстары жалғасуда.
Аралау барысында мәдени нысандардың сыртқы және ішкі жай-күйіне, өрт қауіпсіздігінің сақталуына, санитарлық тазалығына, ұжымның ахуалына басты мән беріліп, қызметкерлердің төтенше жағдайлар орын алған уақытта алғашқы ден қою әрекеттері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Комиссия мүшелері халыққа қызмет көрсетуші нысан иелерінің өрт қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігін және өрт оқиғасы орын алған сәттегі алғашқы әрекеттерді жетік білу маңыздылығын түсіндірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!