Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өрт болған жағдайдағы алғашқы іс-қимыл пысықталды

09.10.2023, 14:52 231

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің тоқсандық жоспарына сәйкес, ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі қызметкерлері мен мекеме қызметкерлері бірлесіп «Мекемеде кенеттен өрт шыққан жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-қимылдары» тақырыбында кенеттен тыс өрт шыққан жағдайда жеке құрамның алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында мекеменің өндірістік аймағында орналасқан РМК Еңбек-Қызылорда ЖК «Азамат» қыш заводының аумағында арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығудың мақсаты – мекемеде кенеттен тыс өрт болған жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау, топ басшыларын тез арада шешім қабылдап, уақытылы тапсырма беріліп, тапсырманың орындалуын ұйымдастыру, жеке құрамға практикалық түрде атқаратын іс-қимылды көрсету.

– Бірлескен оқу-жаттығу жұмысы барысында №6 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер 1 техникасымен өрт сөндіру тактикасы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінің ерікті өрт сөндірушілерімен жаттығу өткізді. Аталған жаттығу бойынша 1 адам құтқарылып, өрт толығымен сөндірілді,- деді Қызылорда қалалық №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Калмаханов Канат.

Жаттығуға мекеме бастығы тарапынан оң баға беріліп, оқу-жаттығу барысын тоқсан сайын қайталап отыру тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: