Егін науқанының қорытындысымен әр гектардан 56,5 центрнерден өнім алынып, қамбаға 503 мың тонна күріш жиналды. Су тапшылығына қарамастан күріш өнімділігі өткен жылмен бірдей болды.
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, суды үнемді пайдалану үшін тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерінің қолдану аясы кеңейтілмек.
«Аймақта күріштің, өзге де дақылдардың жаңа сорттарын шығарып, өнім сапасын арттыру үшін Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметіне басымдық беріледі. Жақында Ауыл шаруашылығы ғылым Академиясымен агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Өнімділігі жоғары, өсу мерзімі қысқа күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізудеміз. Ғалымдар бірнеше жаңа сорттарды сынақтан өткізіп жатыр. Биылғы нәтиже жақсы. Пилоттық жобадағы сорттар 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте пісті. Келесі жылы да осы көрсеткіш сақталса, 2025 жылдан бастап жаңа сорттар қолданысқа енеді»,– деді өңір әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Облыста егіс алқабын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!