Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірлік бренд – өндіріс өрісі

27.05.2024, 16:15 249

Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен Қызылорда облысында өндірілетін өнімдерге географиялық нұсқама құқығын алу жөнінде жиын өткізілді.

Жиынға тиісті тиісті облыстық басқармалар, Әділет департаменті, Техникалық реттеу және метрология департаменті, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік субъектілері қатысты.

Жиын аясында өңірдегі тауар өндірушілерді қолдап, олардың өндірген өнімдерін ұлттық деңгейде тіркеу мәселесі талқыланды.

Өндірілетін өнімдерге географиялық нұсқама құқығы мен сынақ хаттамасын алу мәселелеріне қатысты кеңінен ақпарат берілді.

Қазіргі таңда, өңірде өндірілетін түрлі тауарларды ресми тізімге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, «Qazpatent» ұлттық зияткерлік меншік институтына географиялық нұсқама құқығын алу үшін кәсіпкерлер тарапынан 5 өнімге (күріш, тұз, түйе сүті қосылған сабын, жантақ өсімдігі қосылған сабын, жүгері сусыны) өтінім берілді.

Сонымен қатар, географиялық нұсқама құқығын алуға дейін «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалынан сынақ хаттамасын алу үшін Қазалы кәмпиті, тары, шиден тоқыма бұйымдарын өндіру, «Жаннұр» құрт өнімдері бойынша өтінімдер қаралуда.

Одан бөлек, өңірімізде ерекше өнімдерге зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы географиялық көрсеткіш ауыл шаруашылығы, азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қолөнер туындыларына қатысты қолданылады.

Географиялық нұсқама ретінде тіркелуге мүмкіндігі мол және халықтың ауқымды сұранысына ие әрі нарықта танылған Қызылорда облысында өндірілетін тауарлар легі жеткілікті.

Алдағы уақытта, мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құжаттарын дайындап, тиісті мекемеге өткізу және одан әрі тіркеу жұмыстарын сүйемелдейтін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: