Қызылорда облысында зағип және нашар көретін жандардың саны 1117 адамды құрайды. Оның 714-і бірінші санаттағы мүгедек. Еңбекке жарамды 60-тан астам азамат қоғамдықпен жұмыс істеуде.
–Облысымызда зағиптар қоғамының бес қоры бар. Шаһарымыздың зағип жандары компьютер тілін меңгеруде. Биыл оңалтудың жеке бағдарламасы шеңберінде 1461 тифлотехникалық құрал алынды. Яғни, көзі нашар көретін жандар брайль жүйесіндегі мамандандырылған компьютерлік тифлокешен жиынтығымен жұмыс істейді. Компьютерлік сауаттылық курсын 245 азамат оқып, сертификат алды. Енді мүмкіндігі шектеулі жандар қарапайым мәтіндерді теруден бастап, әлеуметтік желілер арқылы бір-бірімен хабар алмасуды үйренуде,– деді «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Асқар Қолдабеков.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!