Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірде 147 шақырым жол жөндеуден өтті

13.07.2022, 16:00 402

HALYQLINE.KZ Биыл облыста ұзындығы 347 шақырымды құрайтын автомобиль жолы мен көпір өткелі жөндеуден өткізілмек. Бүгінде өңірде 147 шақырым жол желісі толықтай жаңартылды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Пакуатдин Шамұратов мәлімдеді.

– «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыстық және аудандық маңызы бар ұзындығы 244 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы жоспарланса, бүгінде ұзындығы 104 км жол желісі толықтай жөнделді. Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен қаладағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін ұзындығы 4 шақырымды құрайтын магистралды көшенің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде Арал және Қазалы қаласының 20 көшесі қайта жаңартылып, биыл пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен 14 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейін, өткен жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының индикаторлық көрсеткіші 75 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткішті 82 пайызға жеткізу межеленген, – деді Пакуатдин Шамұратов.

Брифинг барысында басқарма басшысы жолаушылар тасымалы бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Айтуынша, биыл үлкен сыйымдылықтағы 150 жаңа автобус қала тұрғындарының игіліне берілмек.

– Жаңа автобустар – жаңа үлгідегі, іші жайлы сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар еш кедергісіз мініп-түсуіне жағдай жасалған. Бұл қоғамдық көліктер тамыз айында келеді деп күтілуде. Жаңа автобустардың сыйымдылығы 50 адамға дейін қамтылған, – деді Пакуатдин Сыражадинұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: