Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өндіріс көлемін 700 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлануда

19.02.2020, 11:26 482

2015 жылдан бастап индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 2-кезеңінің басталған уақытымен салыстырсақ, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2,8 пайызға жуық, жалпы қосылған құн – 17 пайыздан астам, ал, шикізаттық емес экспорт көлемі 19 пайызға өскен.

«2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген тампонажды цемент өндіру зауыты 6 цемент түрін өндіреді және көршілес өңірлерге ғана емес, 2019 жылдың шілдесінен бастап экспортқа (Өзбекстанға – 40 мың тонна) да шығаруда. Ал, қара тақта тастарды автоклавты қайта өңдеу бойынша жоба іске асырылып жатқан «Баласауысқандық» ванадийлі кен орнынан жыл сайын Ресей мен Ұлыбританияға 200 тоннадан астам аммоний метаванадаты экспортталады», – деді аймақ басшысы.

2019 жылы «Арал тұз» акционерлік қоғамы тұз өндіру көлемін 25 пайызға, ұлғайтты жылына 400-ден 500 мың тоннаға дейін, ал, биыл тағы 10% арттыруды және 2022 жылға қарай өндіру көлемін 700 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қуаттылығы 120 мың тонна болатын ас тұзын өндіретін үшінші испандық цехтың құрылысына кірісуде.

«Шалқия» кен орнында (Жаңақорған ауданы) тау-кен байыту комбинатын салу және басқа да бірқатар перспективалы жобалар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, Арал ауданында кальцийлендірілген сода өндіретін алғашқы зауыттың құрылысының жобасын тиісті министрліктермен келісудің соңғы кезеңі жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: