Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Өмірге – «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!»

13.11.2025, 9:45 203

HALYQLINE.KZ

Есірткі адамды ғана емес, оның армандары мен үмітін де жалмайды. Ол өмірдің мәнін жойып, болашаққа апарар жолды тұмшалайды. Әр адам – өз тағдырының иесі. Өмірдің шынайы бағасын түсіну өз денсаулығыңа, санаңа, арманыңа адал болудан басталады. Есірткі – жалған бақыт, уақытша сезім, арты үлкен қателік. Ал өмір – нағыз ғажайып, ол тек таза ой мен мықты ерікке негізделеді. Есірткі адамды емес, адамның армандарын өшіреді. Ол – қуаныштың, сүйіспеншіліктің, сенімнің жауы. Өмір бір-ақ рет беріледі, оны есірткіге айырбастама. Бүгінгі таңдауың – ертеңгі тағдырың. Сен өз өміріңнің суретшісісің, оны қара даққа бояма. Таза ой, мықты ерік, жарқын болашақ, міне, нағыз күш – осында.

Есірткіге «ЖОҚ» де! Өмірдің дәмін сез! Болашағын жарқын еткісі келген әр жас есірткіге «жоқ», өмірге «иә» деуі тиіс. Таза өмір, нық қадам – сенімді болашақ кепілі. Сенің отбасың, достарың, туған жерің саған сенеді, үмітін ақта. Олардың сенімін ақтаудың ең жақсы жолы – есірткіден аулақ болу. Арманыңа жет, өз тағдырыңның иесі бол! Өмірге «иә», есірткіге «жоқ» де! Себебі сенің өмірің – өзіңнің қолыңда. Болашағың жарқын болсын десең, өз таңдауыңды дұрыс жаса! Өмірді сүй! Есірткісіз өмір – ғажайып өмір!

Саянұр  ҮСЕН,

№63  орта  мектебінің  8-сынып  оқушысы,

Арал  ауданы,

Ақбай  ауылы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: