«Болдырамын!»,- деген ойдан болашақ басталады…
«Болмайды ғой!»,- деген ойдан мүмкіндік жоғалады…
«Шыдайсың!»,- деген сөз шабыт береді…
«Шыдамаймын ғой!»,- деп қорқудан қателік жасалады…
«Ренжітпеймін!»,- деп уәде беруден махаббат басталады…
«Шегінбеймін!»,- деп берілмеуден сәттілік келеді…
«Сеніңдер!»,- деген сөзден өмір басталады…
«Күлдірсем!»,-деген көңілден бақыт сезіледі…
Шындықты айыптаған сәттен өтірік сығалайды…
Өлімді сезінген сәттен құндылығын түсінеді…
Бүгінді бағалаған сәттен ертең нұрланады…
Өзін таныған адам саналы болады…
«Жасаймын!»,- деп ойла, орындалады…
«Шыдаймын!»,- деп тырмыс – өмір өз жемісін береді…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!