Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық құран байқауы өтті

24.03.2025, 18:41 144

Бүгін шәкірттер арасында Құран Кәрімнің 5 парасын және 3 парасын жатқа оқудан облыстық байқау өтті.

Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қалалық «Мырқы қажы» мешітінде өткен сайысқа Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жснасұлы арнайы қатысып, Құран жаттаушылардың дәрежесі жайлы насихат айтты.

Жарыста қала және аудан мешіттерінен, Қарилар дайындау орталықтары мен қайырымдылық мекемелерінен келген 41 үміткер бақ сынасып, қазылар алқасының шешімі бойынша:

Құран Кәрімнің 5 парасын жатқа оқудан
І орын – Әбіл Нұрмұхаммед (200 000тг)
ІІ орын – Нығметулла Алтынбекұлы (150 000тг)
ІІІ орын – Әли Аман (100 000тг)

Құран Кәрімнің 3 парасын жатқа оқудан
І орын – Серікқали Азиз (150 000тг)
ІІ орын – Жапеков Жаңабай (100 000тг)
ІІІ орын – Нұрислам Еркебұланұлы (70 000тг) үздік деп танылды.

Жылдағы дәстүр бойынша Қайрат Бөріқожаұлын еске алып, рухына сауабын бағыштау мақсатымен ұрпақтары бәйге жүлдесіне демеушілік көрсетті.

Айта кетейік, қазіргі таңда аймақта 4 Қарилар дайындау орталығы және 2 қайырымдылық мекемесі жұмыс істеуде.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: