Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста эвакуациялық жүйенің дайындығы пысықталды

10.12.2025, 3:20 32

Түрлі апатты жағдайлар кезінде халықты қауіпсіз аймаққа дер кезінде көшіру және уақытша орналастыру — төтенше жағдайлар саласының басты міндеті. Осы бағыттағы дайындық деңгейін күшейту мақсатында аймақта арнайы қабылдау пункттері жасақталған. Бүгінде облыс аумағында жалпы сыйымдылығы 130 437 адамды құрайтын 151 зардап шеккен халықты қабылдау және жинақтау пункті анықталып, олардың инфрақұрылымы, материалдық-техникалық базасы және жұмыс алгоритмі пысықталған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров айтты.

  • Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар барлық эвакуациялық қабылдау және жинақтау пунктерін генераторлармен, төсек-орындармен, кереуеттермен, жиналмалы кереуеттермен және басқа да қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз еткен. Пункттерді зардап шеккендерді қабылдауға және орналастыруға дайындау мақсатында бұл мәселе облыстық эвакуациялық комиссия мен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырыстарында қаралып, проблемалық бағыттарды шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
    Халық үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялық пункттер туралы мәліметтер және оларға баратын ең қысқа жолдар «Яндекс Карты», «2GIS» және “SmartQyzylorda” платформаларында олардың орналасқан жерімен бірге орналастырылған. Сонымен қатар, су басу қаупі бар аймақта 53 эвакуациялық жинақтау пункті және 36 эвакуациялық қабылдау пункті белгіленген. Жалпы облыс аумағында 31 елді мекен, 83 668 тұрғын және 16 527 үй су басу аймағына кіреді. Департамент және оның аумақтық бөлімшелері қысқы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға толық дайын, – деді Бейболат Қайырбекұлы.
  • Облыстағы 9 елді мекен 6–8 балдық сейсмикалық аймаққа жатқызылады. Оның ішінде 7 елді мекеннің тау бөктерінде орналасуына, ал 2 елді мекеннің көмірсутек шикізатын өндірумен байланысты ерекшеліктеріне қарай тізімге енгізілген. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай орын алған жағдайда 102 273 зардап шеккен адамды қабылдауға арналған шатырлы қалашықтарды орналастыру үшін жергілікті атқарушы орган жалпы ауданы 15 гектар болатын 14 жер учаскесін бекіткен. Сондай-ақ облыс аумағындағы халықты эвакуациялау орындары да дайындыққа келтірілген.
    Қазір қысқы кезеңдегі жол қауіпсіздігі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Қыста автокөліктердің жолда қауіпсіз және үзіліссіз қозғалуын қамтамасыз ету үшін өндірістік базалардың жөндеу жұмыстарынан кейін республикалық маңызы бар автожолдардағы жылыту пункттері толық дайындалған. Облыс аумағында 12 жылыту пункті жұмыс істейді: оның ішінде «Қызылорда–Жезқазған» автожолында 1 жылыту пункті, «Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент» автожолында 3 трассалық медициналық-құтқару жылыту пункті және 8 жалпы жылыту пункті бар, – деді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғафур Ақмырзаев.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: