Облысты газдандыру жұмыстары 2004 жылы «Ақшабұлақ-Қызылорда» магистралды газ құбырының құрылысынан басталды.
Демек, былтырғы жылы өңірімізге табиғи газ келгеніне 20 жыл толыпты.
2014 жылы «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбыры пайдалануға берілді.
Осылайша, 2015 жылға дейін облыс орталығының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көрсе, 2015 жылдан бастап аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендер газдандырыла бастады.
Бүгінгі күні облыс аумағында 150 мыңнан аса халық көмір тасып, күл шығару бейнетінен айырылған. Бұл үлкен істе қарапайым сала мамандарының еңбегі орасан зор екенін атап өтіп, ризашылығымды білдіремін.
Еримбетов Базарбек Утебекович,
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының
Апатты-диспетчерлік қызметінің бастығы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!