Құрметті жерлестер!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – барша мұсылман ізгі амал жасауға асығатын, ізгілікке ұмтылатын ұлық мереке. Айт күні тек қана құрбандық шалумен шектелмей, ағайын-туысқа, мүгедектер мен мұқтаж жандарға, көршілер мен жетімдерге қол ұшын созу дәстүрі қалыптасқан. Қайырымдылық пен қамқорлық қоғамның тұтастығына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады.
Құрбан айт – адамзат баласын жақсылық жасауға үндейтін мейрам болғандықтан, бұл күндері ағайын-туыс бір-бірін құттықтап, араздасқан жандар татуласады. Осылайша адамдардың бір-біріне деген ізет-құрметі, ілтипаты еселене түседі.
Бірлігімізді бекемдеп, тұтастығымызды нығайтатын мерекеде шалған құрбандықтарыңыз, қасиетті күндерде жасаған ізгі амалдарыңыз бен игі ниеттеріңіз қабыл болсын!
Құрбан айт күні әрбір отбасында амандық, елімізде бірлік пен ынтымақ болсын деп тілеймін!
Құрбан айт құтты болсын!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!