HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Қазалыда Қарлаң учаскесінде салынып жатқан көпірдің құрылыс жұмыстарын саралап көрді. Көпірдің құрылысы 2021 жылы басталған. Келер жылы ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бас мердігер – «СтандартОйлКЗО» ЖШС.
Көпір дарияның арғы бетінде орналасқан Қазалының «Бірлік», «Өркендеу», «Тасарық», «Лақалы», «Қожабақы», «Бозкөл, «Кәукей» сияқты ауыл халқы үшін қарым-қатынас үшін қолайлы әрі қауіпсіз болмақ. Сапар барысында Нұрлыбек Нәлібаев Бірлік, Өркендеу, Аранды ауылдық округтері тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!