Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі медиаторларды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.08.2022, 19:15 431

Қадірлі жерлестер!

Бүгін медиаторлар қауымының кәсіби мерекесі. Дау-жанжалдарды шешудің балама әдісі болған медиацияның елімізде енгізілгеніне биыл – 11 жыл.

Қоғамдық өмірде кикілжіңдердің ара-жігін талдап, тараптар арасындағы түрлі түсінбестіктерді татулыққа жетелейтін медиаторлардың сот саласындағы процестердің санын қысқартуда айтарлықтай үлесі бар.

Даулы мәселелерде орнықты шешім ұсынып, ортақ мәмілеге келтіру асқан жауапкершілік пен сындарлы диалог орнатуды қажет етеді. Бұл ретте аймақта тіркелген 180 кәсіби және 332 қоғамдық медиатор дауларды шешудің балама жолын ұсынып келеді. Аймақта бұл саланы жетілдіру үшін барлық аудандар мен облыс орталығында медиация кабинеттері ашылып, жұмысын сәтті жүзеге асыруда.
Өз ісіне адалдықпен қарайтын барша медиаторлар қауымына шынайы алғысымды жеткіземін.

Еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға шаттық тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: