Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрсұлтан Назарбаев: «Қателіксіз адам болмайды»

14.11.2023, 15:25 292

HALYQLINE.KZ

Ол інісінің соңғы екі жарым жыл қатты ауырғанын айтты.

Бүгін ұзаққа созылған науқастан көз жұмған Болат Назарбаевты жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Рәсімде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел алдында сөз сөйледі.

Нұрсұлтан Назарбаев інісінің жомарт, ақкөңіл жақсы адам болғанын еске алды. Оның сөзінше, Болат Назарбаев қайырымдылықпен көп айналысқан, мешіт салдырып, мектепке көмектескен. Тәуелсіздік алғалы елдің дамуына да септігін тигізген. Айналасындағы адамдарға,  көмек сұраған жандарға қол ұшын берген. Сондай-ақ, інісінің соңғы екі жарым жыл қатты ауырғанын айтты.

«Осы ауылда туып өстік. Біз оны жақсы көрдік, ол бізді жақсы көрді. Үйіміздің ең кенжесі еді. Тәуелсіздіктің отыз жылдығында жүз жылға татитын жұмыс істелді, соның бәрін көрді, еңбек етті. Мектепке, ауылға көмектесті. Мешіт те салдырды. Көп еңбек етті. Ұл-қыз өсірді. Арманы жоқ деп айтуға болады. Бірақ армансыз адам бола ма? Әлі де өмірі алда еді. Екі жарым жыл қатты ауырды, жүре алмады, сөйлей алмады, өздігінен тамақ іше алмады. Қатты қиналды. Қателіксіз адам болмайды. Біздің әулетімізге көңіл айтқандарыңызға көптен-көп рақмет. Кешеден бері көп адаммен сөйлесіп жатырмын, жасаған жақсылығы көп. Жақсы сөз айтыңыздар. Еңбек етіңіздер, отбасыларыңыз аман болсын!», – деді көпшілік алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар қазаға ортақтасып, көңіл айтуға Ермұхамет Ертісбаев, Амандық Баталов, Нұртай Әбіқаев пен Алик Шпекбаев сынды көптеген саяси және қоғам қайраткерлері келді. Өнер қайраткерлерінің арасында Біржан Хасанғалиев жүрді. Жаназаның алдында Үкімет басшысы да сөз сөйлеп, қазалы әулетке көңіл айтты.

Дереккөз: inbusiness.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: